CNN телеарнасының тілшісі: Қазақстан әлемдік саясаттағы қиын жағдайға қарамастан тепе-теңдікті ұстап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CNN телеарнасының тілшісі: Қазақстан әлемдік саясаттағы қиын жағдайға қарамастан тепе-теңдікті ұстап тұр

CNN телеарнасының тілшісі: Қазақстан әлемдік саясаттағы қиын жағдайға қарамастан тепе-теңдікті ұстап тұр

Шетелдік журналист Тоқаевпен сұқбаттасты.

  • 10 Желтоқсан 2024
  • 21
Фото: видеодан алынған коллаж

CNN телеарнасының тілшісі Джулия Чаттерлей Қазақстан Президентімен сұқбаттасып, өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист Қасым-Жомарт Тоқаевпен көптеген жаһандық мәселеге қатысты ашықтығын айырқша атап өтті.

Ол АҚШ-тың жаңа сайланған Президентімен сөйлесті. Сол кезде Украина мен Ресей арасындағы бейбітшілік, сондай-ақ сауда және тариф саясатындағы мәселелердің әлемдік экономикаға салдары жайлы айтты.

«Қазақстан қазір Ресей, Қытай және Батыс арасында өте қиын жағдайда, бірақ қаншалықты қиын болса да, тепе-теңдікті ұстап тұр. Маған оның жастарға үміт артатыны және әлемді шарлап, онда не болып жатқанын білу мүмкіндігі туралы айтқаны қатты ұнады. Болашақ көшбасшыларға нағыз керек нәрсе осы емес пе?

Ол ойындағысын ашық жеткізетін адам екен. Кіммен не туралы сөйлескенін және қиындықтарды жасырмай айта біледі.

Оның жағдайында болу оңай емес. Қазақстан өте үлкен мемлекет, адамдар әрдайым бұдан да жақсы болғанын қалайды. Әрине, бұның барлығы әлеммен қарым-қатынаспен тығыс байланысты», — деді Д. Чаттерлей отандық арнаға берген сұқбатында.