"CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ қарттар күнін атап өтуге арнап 1 млн.310 мың теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ қарттар күнін атап өтуге арнап 1 млн.310 мың теңге бөлді

"CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ қарттар күнін атап өтуге арнап 1 млн.310 мың теңге бөлді

"CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ қарттар күнін атап өтуге арнап 1 млн.310 мың теңге бөлді. "CNPS-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-ның баспасөз қызметінің төрайымы Ғалия Жалдыбаеваның KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, бұл қаржының 500 мың теңгесі облыстық ерікті мүгедектер қоғамына арналады. Ал қалған қаржы облыста қарттар күніне бағышталған шараларды өткізуге, атап айтсақ, Ақтөбедегі қарттар, жалғызбасты қариялар мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған интернаттағы мерекелік шараларды өткізуге жұмсалады.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 652
Фото - Caravan.kz

Ғ.Жалдыбаеваның айтуынша, компания басшылығы акционерлік қоғамда ұзақ уақыт бойы еңбек еткен соғыс және еңбек ардагерлеріне тұрақты қолғабыс жасап, оларға арналған мерекелік шараларды өткізуге ұдайы қаржы бөліп келеді. Бұл міндеттемені , Ғ.Жалдыбаеваның айтуына қарағанда, «CNPS-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартының сыртында, қосымша міндеттеме ретінде жүктеп алған. Бұл жерде әңгіме 2003-2005-жылдар аралығында облыстың әлеуметтік саласына 10 млн. доллар арнау жөніндегі меморандум туралы болып отыр. 1 млн. 310 мың теңге көлеміндегі қаржы аталмыш меморандум аясында бөлінді дейді Ғ.Жалдыбаева.

1991-жылдан бері БҰҰ-ның шешімімен 1-қазан халықаралық қарттар күні ретінде атап өтілуде.

Соңғы жаңалықтар