Coca-Cola компаниясы брэнд санатындағы Pico сауда белгісін 600 мың долларға сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Coca-Cola компаниясы брэнд санатындағы Pico  сауда белгісін 600 мың долларға сатып алды

Coca-Cola компаниясы брэнд санатындағы Pico сауда белгісін 600 мың долларға сатып алды

Бұған дейін Food Master компаниясының иелігінде болған брэнд санатындағы Pico сауда белгісі 600 мың долларға Coca-Cola трансұлттық компаниясының меншігіне берілді. Бұл туралы бүгін, 10-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Кока-Кола ТМД Сервисез Лтд." маркетингтік компаниясының өкілдері хабарлады.

  • 10 Желтоқсан 2003
  • 2487
Фото - Caravan.kz

Брэндті сату туралы келісімге 2003-жылдың сәуір айында қол қойылған. Ал сауда-саттық туралы келіссөздер 2001-жылдың желтоқсан айынан бері жүргізілген көрінеді.

«Кока-Кола ТМД Сервисез Лтд.» компаниясы басқармаларының пікірінше, сауда белгісін Coca-Cola-ға беру брэндті басқару шығынын азайтып, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, брэндті сатып алу нәтижесінде Pico өнімдерін шығаратын Есіктегі зауыттың өндірістік желілері суды тазарту дәрежесін арттырушы, қант шәрбатын пастеризациялау және сүзгіден өткізуге арналған қосалқы жабдықтармен және зертхана жабдықтарымен жарақталды.
Coca-Cola компаниясы әлемнің 200 елінде өз бизнесін өрістеткен. Ал еліміздегі алғашқы өнімін 1995-жылы шығарды. Компанияның суысындарын шығару және сатуды компанияның газдандырылған сусындарды бөтелкелерге құйып сату жөніндегі уәкілетті әріптесі «Кока-Кола Алматы Боттлерс» Бірлескен кәсіпорны жүзеге асырады. «Кока-Кола ТМД Сервисез Лтд.» Компаниясының еліміздегі өкілдігі 1997-жылдың маусым айында тіркелді. Ол Coca-Cola компаниясы брэндтерінің маркетингтік шараларымен шұғылданады.
Компания өнімдері бүгінде еліміздегі газдандырылған сусындар рыногінің 38 процентін иемденеді.

Соңғы жаңалықтар