"Коронавирустың 22 021 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылардың жалпы санының 0,6 пайызы. 160 мыңнан аса байланыста болған адам анықталды. Оның ішінде 1 409 оң нәтиже анықталды.
Қазанда қыркүйекпен салыстырғанда оқушылар арасында сырқаттанушылықтың 1,2 есеге төмендегені байқалады", — деді Цой ОКҚ брифингінде.
ДСМ мәліметінше, бірінші тоқсанда 15 ауысым және 12 304 сынып карантинге жабылған.
"Студенттер арасында 2 674 жағдай тіркелді. Оның ішінде 1 948 орта оқу орындарының студенттері арасында және 726 жағдай жоғары оқу орындарының студенттері арасында. Бұл орта оқу орындарындағы білім алушылардың 0,5 пайызы және жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың 0,1 пайызы", — делінген хабарламада.