Cол маңда екенін сездім - Абай облысында жоғалған баланы тапқан полицейдің кім екені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Cол маңда екенін сездім - Абай облысында жоғалған баланы тапқан полицейдің кім екені анықталды

Cол маңда екенін сездім - Абай облысында жоғалған баланы тапқан полицейдің кім екені анықталды

Абай облысында иен далаға шығып кеткен баланы кім тапқаны белгілі болды.

  • 9 Сәуiр
  • 5
Фото: Instagram/eldar__daniyarov

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жоғалған баланы тапқан Абай облысы Ақсуат ауданы полиция бөлімінің аға криминалисі полиция майоры Бақытбек Лиясканов екені белгілі болды.

«Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді Абай облысы Полиция департаменті Ақсуат ауданы полиция бөлімінің аға криминалисі полиция майоры Бақытбек Лиясканов тауып алды», — делінген полиция хабарламасында.

Ол баланы ауылдан бірнеше шақырым жерден, иен даланың ортасында жалғыз жүрген жерінен тапқан. Кейін офицер былай деп ағынан жарылды:

«Жүрегіммен оның дәл осы маңда екенін сездім. Мені не жетелегенін білмеймін… бірақ сол күш мені сәбидің жүрген жеріне алып келді. Мен өзімді батыр санамаймын — тек өз жұмысымды атқардым. Бірақ қатты уайымдадым… себебі мен де әкемін», — деді ол.

Өңірлік полиция департаментінің басшысы Елдар Данияров полицейге алғыс айтып, желіде пікір білдірді.

«Бұл сөздер — ерлік туралы емес. Бұл — нағыз адамгершілік туралы. Бұл — жауапкершілік туралы.
Бұл — осындай сәтте кез келген нұсқаулықтан да биік тұратын ішкі сезімнің үні туралы», — деп жазды өңірлік полиция басшысы.