COVID-19 Қытайдағы зертханада қолдан жасалған — Ақ үй әкімшілігі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
COVID-19 Қытайдағы зертханада қолдан жасалған — Ақ үй әкімшілігі

COVID-19 Қытайдағы зертханада қолдан жасалған — Ақ үй әкімшілігі

COVID-19 Қытайдың Ухань қаласындағы зертханада қолдан жасалған.

  • 20 Сәуiр
  • 11
Фото: stihi.ru

Ақ үй әкімшілігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тиісті мәлімет әкімшілік сайтында жарияланды. Онда бірнеше дәйек келтірілген. Мәселен, вирус табиғатта жоқ биологиялық сипатқа ие болғаны және Уханьда пневмонияны зерттеу бойынша арнайы зертхананың орналасқаны туралы мәліметтер келтірілген. Онда түрлі зерттеулер жүргізіледі.

Бірақ мекемедегі биоқауіпсіздік деңгейі төмен. Сондай-ақ зертхана ғалымдары COVID-19 белгілі болмай тұрып, бірнеше ай бұрын вирусқа ұқсас белгілермен ауырғаны да айтылып отыр.

Әзірге Қытай тарабы Ақ үйдің сайтындағы бұл мәліметке қатысты түсініктеме берген жоқ.