Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Авторлар 43 үлгіні зерттеп, Петри ыдысындағы SARS-CoV-2 бастапқы нұсқамен инфекцияның алдын алу жолдарын талдады. Кейін кеміргіштерде ең күшті тоғыз бейтараптандыратын бөлшектер сыналған. Сөйтіп, ең тиімділері таңдалды.
Зерттеу нәтижесі бойынша, SARS2-38 антиденесі коронавирустың "альфа", "бета", "гамма", "дельта", "каппа", "йота", сондай-ақ сирек кездесетін мутацияларға да қарсы тұра алады.
Ғалымдардың айтуынша, SARS2-38 вирустың өзгермейтін ақуыз бөлігіне қосылады. Анықталған антидененің бірегей қасиеттерінің бірі — төмен концентрацияда жоғары бейтараптандыру қабілеті, сонымен қатар инфекцияның барлық нұсқасына әсері.
Сонымен қатар, ғалымдар SARS-CoV-2 мутацияларын анықтады, бұл SARS2-38 антиденесінің вируспен күресуіне жол бермейді. Алайда, бұл мутациялар тек 0,04 пайыз жағдайда кездеседі.