Бұл уралы Vesti.kz. жазды.
"Менің ойымша жекпе-жек жақын қашықтықта өтеді, сөзсіз нокаут кез келген секундта және минутта болады. Бірақ мен былай ойлаймын: "Канело" жақсылап дайындалып, ақылмен жұмыс істеп, көбірек соққы жұмсайтын болса, ол жеңіске жетеді. Бірақ мұны жекпе-жек кезінде істеу өте қауіпті.
Екеуі үшінде бұл ауыр жекпе-жек. Бірін бірі жақсы біледі. Бірінші жекпе-жекке ұқсас болатыны сөзсіз. Мексикалық боксшы шаршы алаңнан жеңімпаз болып шығатынына үміттенеміз", — деді Чавес.
Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.