CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында сырт алаңда голландияның “АЗ” командасын кездескен қарағандылық “Шахтер” 1:0 есебімен жеңілді. Негізгі құрамның жартысын Қазақстан кубоктық финалына сақтап қалған Виктор Кумыков бұл матчта жартылай қосалқы құрамды шығарды.

  • 9 Қараша 2013
  • 249
Фото - Caravan.kz

Оған қарамастан кеншілер алғашқы таймда сауатты ойын көрсетті. Үзілістен кейін қонақтар қақпасы алдында бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырған алаң иелері ақыры өз дегеніне жетті. 55-ші минутта айып алаң сыртынан жойқын соққы жасаған Сельсо Ортис бұл матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. Бұл эпизодта қосалқы қақпашы Стас Покатиловтың да қателігін айта кеткен жөн. Жақын бұрышты жаба алмаған жас голкипер командасын құтқара алмады. Біздің топтағы өзге матчта “Маккаби” мен “ПАОК” жеңімпазды анықтай алмады. Мұндағы есеп 0:0.

 

Теннистен Лондонда өтіп жатқан жылдың қортынды турнирында швейцариялық шебер Роджер Федерер француз Ришар Гаскемен өзара кім мықтыны анықтады.

Новак Джоковичтан ұтылғаннан кейін Федерерге өз ойынын табу маңызды болған. Сондықтан, көп қателік жібермеген швейцариялық қос сетте де Гаскенің адымын аштырмады. Қорытынды есеп 6:4, 6:3. Ал аргентиналық Хуан Мартин дель Потро үш партияға созылған тартысты бәсекеде Серб Новак Джоковичқа 6:3, 3:6 және 6:3 есебімен жол берді. Соңғы айналымда Джокович Ришар Гаскемен ойнаса, Хуан Мартин Роджер Федерермен жартылай финал жолдамасын сарапқа салмақ.