CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Шайбалы хоккейден ел чемпионатында  көш бастап келе жатқан Павлодардың «Ертісі», алматылық хоккейшілерден жеңіліп қалды. Екі клуб арасындағы алғашқы  бәсекенің тағдырын  буллит шешіп берді.  Рудныйда жергілікті  «Арыстан» теміртаулық «Горняктан» ірі есеппен ойсырай ұтылды.

  • 13 Қараша 2013
  • 287
Фото - Caravan.kz

Бұл кездесуде  алаң иелері  ойынды жеті рет ортадан бастауға мәжбүр болды.  «Горняктің» қақпасынада тулған жеті шайбаның екеуі Михайл Кокавецтің есебінде. Салдары суға кеткен теміртаулықтар бүгінгі матчта тек екі шайбамен шектелді. Дегенмен  ара-кідік қызыл төбелеске жалғасқан  Рудныйдағы  бірінші ойын,  көрермендер үшін  қызықсыз өтпеген сыңайлы. Осы күні  тағы бір ірі есеп Өскеменде  тіркелді.  Жергілікті «Торпедо» өз жанкүйерлері алдында 1:8 есебімен «Номадтан» жеңілді. Ал көкшелік «Арлан» 4:2 есебімен «Астана» клубынан  басым түсті. 

 

Новак Джокович Лондондағы жылдың қортынды турнирының жеңімпазы атанды. Финалда испандық Рафаэль Надальмен кездескен серб қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.

Біржарым сағатқа созылған бәсекеде Надаль тек бір брейк жасауға шамасы жетті. Ал Джокович өз мүмкіндіктерін құр жіберген жоқ. Қортынды есеп 6:3, 6:4. Қортынды турнирда осымен үшінші рет топ жарған серб 6 миллион долларды қалтасына басты. Алайда  бұл жеңіске қарамастан ол әлемдік рейтингте алдына Рафаэль Надальді жіберіп биылғы жылды екінші орында аяқтамақ.

 


Лионель Месси жыл соңына дейін жасыл алаңға шықпайды. Аргентиналық футболшы Испания чемпионатының 13-ші туры аясында “Бетиске” қарсы ойында жарақат алған болатын.

Матчтың 18-ші минутында кездестіруді жалғастыра алмаған Мессиді Андрес Иньеста алмастырды. Кейінірек белгілі болғандай дәрігерлер оның сол жақ аяғының бұлшық етінің созылғанын анықтапты. Қазір Барселонада емделіп жатқан ойыншы кейін Буэнос-Айреске аттанбақ. Енді ол ұлттық құрама сапында Эквадор мен Боснияға қарсы ойынға қатыспайды. Сондай-ақ Месси чемпиондар лигасы аясында екі, ал Испания чемпионатының төрт бәсекесін сырттан тамашалайды. Әзірге аргентиналық жасыл алаңға қашан оралатыны белгісіз.