CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Финляндияда өтіп жатқан халықаралық жарыста қазақстандық шаңғышы Алексей Полторнанин екі рет тұғыр төріне көтерілді. Он шақырымдық қашықтыққа  классикалық әдіспен жарысуда топ жарған жерлесіміз,  спринттік бәсекеде де алдына жан салмады.

  • 19 Қараша 2013
  • 249
Фото - Caravan.kz

 

Дүниежүзілік бокс сериясының былтырғы жеңімпазы «Астана Арландары», жаңа маусымды сәтті бастады. Астаналық арландар  Алматыда 4:1 есебімен  Әжербайжанның «Баку оттары» клубынан басым түсті.

Матчтық кездесуді ашқан  бірінші жекпе-жектің нәтижесі  көңілімізден шықпады. 49 келіде өнер көрсеткен Ануар Мұзафаров 0:3 есебімен Хамза Наметовтан жеңілді. Есесіне  қалған төрт жекпе-жектің  бәрінде  жерлестеріміздің жолы болды.  Атап кетсек Багдат Әлімбеков, Асхат Уәлиханов, Сергей Деревянченко және Василий Левит   қарсыластарына дес бермеді. 23-ші қараша күні  «Астана Арландары » Санкт-Петербургте «Russian Boxing Team» клубымен кездеседі. Орыстар алдағы бәсекеге үздік боксшыларын дайындауда. Олардың арасында әлемнің екі дүркін чемпионы Миша Алоян да бар. «Russian Boxing Team»  алғашқы турда 5:0 есебімен польшалық клубты  тізе бүктірді.

 


Теннистен Дэвис кубогының былтырғы жеңімпазы Чехия өз атағын сақтап қалды. Сербия астанасындағы финалда жергілікті құрамадан басым түскен чехиялықтар екінші жыл қатарынан бас жүлдені иеленіп отыр.

Жарыстың алғашқы күнінен кейін чехиялықтар 2:1 есебімен алада тұрған. Бірақ әлемнің екінші ракеткасы Новак Джокович Томаш Бердыхты ұтып таразы басын теңестірді. Кубок иегерін анықтаған соңғы бәсекеде Радек Штепанек Душан Лайовичті үш сетте де айқын ұтты. Қортынды есеп 6:3, 6:1, 6:1. Тұңғыш рет 1980-ші жылы мәртебені кубокты басына көтерген Чехия биыл да теннис әлемінде үздік атанды.