CҚО-да жасөспірім балалар зейнеткер әйелге шабуыл жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CҚО-да жасөспірім балалар зейнеткер әйелге шабуыл жасаған

CҚО-да жасөспірім балалар зейнеткер әйелге шабуыл жасаған

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа жетпегендердің зейнеткер әйелге шабуыл жасау фактісі тіркелді, деп хабарлайды СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 8 Қараша 2012
  • 311
Фото - Caravan.kz

Мамлют ауданының орталығында 62 жастағы зейнеткер әйелдің үйіне шаруашылықта көмектесу ниетімен үш мектеп оқушысы келеді. Ауыл тұрғыны оларға жұмыс берген жоқ, бірақ үйге шай ішуге шақырады. 2000 және 1998 жылғы ағайынды екі бала және олардың досы — 8 сынып оқушысы қонақжай әйелдің үйінде қонақ болуға келіседі.

Үйден шай ішіп шыққан соң ағайындылардың біріне қайтып келіп, үй иесін тонау жөнінде арам ой келді. Ұялы телефонды ұмытып кеттік деген сылтаумен үйге келген олар зейнеткер әйелге шабуыл жасайды. Оны күтпеген әйел айқайға басып, қашып шықпақшы болды.

Қорқып кеткен жасөспірімдердің бірі үйден шығып қашады. Үйде қалған ағайынды балалар да ақшаны алмастан тайып тұрады. Соққыға жығылған әйел аудандық полиция бөліміне шағымданды. Қарақшылардың Мамлюткадағы № 2 мектептің оқушылары екендері анықталды, алайда олар үйінде болмай шықты. Үшеуі де аудан орталығынан кетіп, Петропавлға кетіп қалыпты.

Аудан орталығына оралғанда олар АІІБ-не жеткізіліп, ата-аналарының және әлеуметтік педагогтың көзінше сұралды. Үшеуі де ата-аналарының кепілдігімен үйлеріне жіберілді. Ұрлыққа оқталу фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар