CҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды

CҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада екі бірдей ірі жол апаты орын алды. Салдарынан үш адам ауруханаға жеткізіліп, бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 

  • 31 Қазан 2012
  • 360
Фото - Caravan.kz


Явленка ауылының бес тұрғыны мінген көлік қатты жылдамдықпен ағашқа соғылған. Төрт жолаушы сол жерде жан тәсілім етсе, жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Айта кетерлігі, барлығы жастар және удай мас болған. Ал Петропавлда көлік жөндеу бекетінің жұмысшысы біреудің көлігіне екі қызды мінгізіп алып, түнгі қаланы аралауға шығыпты. Ащы судан ұрттап алған жүргізуші жол полициясы қызметкерлеріне бағынбай, қашпақ болған. Ақыры машина аударылып, жолаушы қыздардың бірі сол жерде мерт болса, екіншісі қолынан айырылып, ауруханада жатыр. Ал мас жүргізуші темір торға тоғытылды. Ол бұған дейін абайсызда адам өлтіргені үшін сотты болыпты.

Соңғы жаңалықтар