Цунамиден зардап шеккен Азия елдеріне 13 млрд. доллардың қаржылық көмегі көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Цунамиден зардап шеккен Азия елдеріне 13 млрд. доллардың қаржылық көмегі көрсетілді

Цунамиден зардап шеккен Азия елдеріне 13 млрд. доллардың қаржылық көмегі көрсетілді

Дүниежүзілік қауымдастық цунамиден зардап шеккен Азия елдеріне 13 млрд. доллардың қаржылық көмегін көрсетті. Бұл туралы бүгін, 21-сәуірде Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорум аясындағы "Азиядағы трагедия" тақырыбы бойынша өткізілген отырыста сөз сөйлеушілер хабардар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 597
Фото - Caravan.kz

Жетекші БАҚ-тардың түрлі қайғылы әрі оқыс оқиғалар мен олардың залал-зардаптары туралы хабар тарату бағыттары мен технологиялары отырыс барысындағы әңгіме өзегіне айналды. Кеңеске қатысушылар цунамиден зардап шеккен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен ағылған ақпараттарды қабылдап таратуға БАҚ-тардың дайын болмай шыққанын атап өтті.

Сонымен бірге отырысқа қатысушылар табиғи зілзаланың кейбір жекелеген егжей-тегжейі негізсіз алға тартылып, керісінше, дүниежүзілік қауымдастық тарапынан зардап шеккен аймақты қалпына келтіру бағытында жұмсалып жатқан күш-жігерлер мен ұзық мерзімді жоспарлар туралы айтылмай қалғанын тілге тиек етті.
Сонымен бірге табиғи зілзалалардың жойқын күшіне қарсы тұруда әлемдік қауымдастықтың күшін біріктіру қажеттігін, және осы тұрғыда БАҚ-тардың айрықша маңызды роль атқаратынын спикерлер атап өтті.

Перейти к новостям спорта