Дағдарыс кезінде қалай өмір сүру керек?
![]() |
Ботагөз Жұманова экономикалық дағдарыс кезінде қалай әрекет ету керектігін айтты. |
Қаржы талдампазы Ботагөз Жұманова соңғы кездері қазақстандықтарды көп толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Табысты қалай тапса болады, оны жоғалтып алмау үшін не істеу керек деген сұрақ бәрін мазалайтыны анық. Біздің сарапшымыз экономикалық дағдарыс кезінде не істеу керек, қандай әрекетке бару керектігі жайлы кеңес берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталының тілшісі.
Бәрімізге белгілі, Қазақстанның ұлттық валютасы антирекорд орнатуды жалғастырып келеді. Ең төменгі тарихи деңгейі дүйсенбі күні, 21 желтоқсанда KASE таңертеңгілік сессиясынан кейін АҚШ долларының құны бірінші рет 349,12 теңгеге жеткен кезде анықталды.
- Доллар көтеріліп жатқан кезде қазақстандықтар не істеуі керек?
- Бұл жағдайда екі-ақ нәрсе істесе болады. Жинаған ақшалары бар адамдар – оны әртараптандырып, неғұрлым сенімді валютаға ауыстырып қою керек, доллар немесе евро. Осы екі валютада қарқынды өсу болып жатыр. Жинаған ақшасы жоқ адамдар ештеңені уайымдамаса да болады. Себебі жағдайға әсер ету мүмкін емес. Бір ғана айтар кеңесім – теңгемен жалақыңызды алған бойда, бірден оны сенімді валютаға ауыстырып қою қажет. Ал сосын қажет кезде теңгеге ауыстырып тұрасыздар.
- Жинақты қалай көбейтуге немесе қалай сақтап қалуға болады?
- Жинақты сақтау үшін қолдағы қаржыны әртүрлі валютаға ауыстырып қою керек. Қазіргі кезде бұл неғұрлым өтімді әрі сенімді вариант. Жинақты арттыру депозитке қарағанда барынша қауіпсіз. Жылжымайтын мүлік бағасы түсіп жатыр, ал экономикалық дағдарыс кезінде қаржыны қандай да бір бизнеске құю өте қауіпті. Тек қана депозиттер қалады: табыс пен сенімділікке кепілдік берілген. Себебі мемлекет жинақты сақтап қалуға кепіл береді.
- Жиналған қаржыны көбейтудің қандай да бір жолы бар ма?
- Қаржы рыногы арқылы болады, бірақ, қаржыларын шетелдік құнды қағаздарға, әсіресе, акцияларға салатындай халықтың қаржылық білім деңгейі жоғары деп айта алмаймын. Өкінішке орай, біздің халық ақшаларын көбейткісі келеді, сонымен қатар, оның қайтып келетініне көздерін жеткізгісі келеді. Олай болмайды. Көп табыс табу үшін тәуекелге де бел буу керек. Сондықтан да көпшілікке түсінікті әрі тиімді жолы банктегі депозиттер болып қала береді. Банктер мен депозиттерге сенбейтін адамдар үшін сақтаудың жолы – банк ұяшықтары.
- АҚШ-та ФРЖ мөлшерлемесі өзгерсе, теңгенің бағамы қаншалықты өзгереді деп ойлайсыз?
- Теңге бағамына байланысты оптимистік өзгерістер болады деп айта алмаймын. Экономикалық дағдарыс мұнай бағасының төмендеуімен және жеке өндірістің дамымауымен байланысты. Қазақстанның экономикасы өзгермей тұрып, таңғажайып жағдайды күтудің қажеті жоқ.
- Қарапайым қазақстандықтар шығынды ықшамдап қалу үшін не істеу керек?
- Меніңше, дағдарыс бәріне ісер етеді, бәрі шығынға ұшырайды, бірақ кімнің қаншалықты ұшырайтынын әзірге айта алмаймыз. Халықтың көп бөлігі сауданың төмендеуінен және тауар бағасының қымбаттауынан жапа шегеді деп ойлаймын.
- Жалақы мөлшеріне келетін болсақ, өкінішке орай, жалақы көтерілмейді. Көп шығын шығармау үшін қаржыны қалай дұрыс жұмсауға болады?
- Бірінші кеңес – үнемдеу, айлық шығынды бірден қысқарту керек. Айлық шығындарыңызға көз жүгіртіп шығып, бірден аса қажетті емес заттарды қысқарту керек.
Екінші кеңес – неғұрлым тез арада жинақты бастау керек. Қазір еңбек рыногына үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан да жұмыстан айырылып қалатын жағдайға дайын болу керек, отбасыңызда бірнеше айға жетерлік жинақ болуы қажет.
Үшінші кеңес – алдағы 12 айда тұрақты жұмыс болып, табыс табатыңызға сенімді болмасаңыз, ешқандай несие алмағаныңыз жөн.
- Күнделікті жұмыспен қатар қандай жол арқылы табыс тапса болады?
- Бұл жерде бәрі оңай, жалқаулыққа бой алдырмай қосымша жұмыс іздеу керек. Қосымша жобаларға қатысып, не болмаса, қосымша табыс табу үшін кез келген мүмкіндікті жүзеге асыру керек. Ең бастысы, желілік маркетингке кіріп кетуден сақтану қажет. Сауда – қазіргі кезде қосымша табыс табудың көзі болмай қалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін