Дағдарыс қазақстандықтарды базар аралатып жіберді
![]() |
Экономикалық дағдарыстың салдарынан базарлар қайта көбейіп келеді. Көптеген қазақстандықтар үшін азық-түлік, киім-кешек базары қажеттілігін алатын, қолжетімді жалғыз орын болуы мүмкін. |
Мемлекетіміздің бөлшек саудасы төмендей бастады. Теңге бағамының күрт төмендеуі премиум-класс дүкендеріндегі сауданың азаюына әкелді. Бұған басты мысал, «Рамстор» дүкендер желісі Алматы аудандарындағы бірден екі дүкенін жапты. Green дүкендер желісі де бір дүкенін жауып тастады. Сауда орталықтарындағы көптеген қымбат фирмалық дүкендер жабылып жатыр.
- Компания басшылығы оңтайландыруға шешім қабылдады, - деп Ramstore PR менеджері Эльмира Садобаева ресми нұсқасын айтты. Компания басшылықтың жұмысбастылығын алға тартып, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
Егер тұтынушылардың сұранысын пирамида түрінде негізгі үш сегмент арқылы көрсетсек – премиум, орташа және эконом, онда премиумның көпшілігі орташа сегменттің қатарына түсіп кетеді. Ал орташаның өзі экономға түседі. Яғни, бағаларына қарап, оның көпшілігі базар екені белгілі. Арғысы одан да жаман болады.
- Теңге бағамының төмендеуінен базардағы тауар бағасы шарықтады. Инфляция 5.2 пайыға дейін жетті (қыркүйек пен қазан), азық-түлік орташа есеппен 4.6 пайызға қымбаттады, ал заттар – 10.2 пайызға. Ресми статистика тауар бағасының көтерілу мөлшерін азайтып отыр. Инфляция бір деңгейге жоғары. Әсіресе импорттық тауардың үлесін есепке алғанда. Қоймадағы ескі бағаммен сатып алынған артық тауарлар қыркүйек пен қазанда толығымен сатылып кеткен. Ары қарай – импорттың үлесіне байланысты, тауар бағасының жаңа айналымы, - «КАРАВАНМЕН» өз болжамымен бөліскен “ЦБР Elim” компаниясының эксперті Максим Боровиков.
Өмір сүру дағдысы
Сауда-саттық өсуде – бұл үрдіс сақталуда – арзан ұқсас, орнын алмастырушы заттар: тұрмыстық химия, тұрмыстық техника. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі, долларға қатысы жоқ тауар өнімдеріне сұраныс туындай бастады. Мысалы, киім-кешек, сонымен қатар, брендтік тауарлардың арзан қытайлық үлгісіне сұраныс бола бастады.
Қазақстандықтардың табысының басым бөлігі отбасыны азық-түлікпен қамтуға жұмсалып жатқанына сенімді Боровиков.
Азық-түлік нарығының ¾ бөлігі импорттан тұрады. Тіпті ресми статистика бойынша солай. Сол себепті де доллар бағамының өсуі бөлшектеп сататын базарға қатты әсер етеді. Теңге бойынша нарық көлемі аса зардап шекпейді. Осылай, ресми статистика бойынша, бөлшектеп сауда-саттықтың көлемі төмендеген жоқ. Тамыз айында 548 миллиард теңгені құраса, қазанда 554 миллиардты құрап тұр. Барлық ұлттық есеп теңгемен саналады, сондықтан да, ресми түрде, нарық көлемі өсуі де мүмкін.
Тұз бен сіріңке
Бірақ дағдарыс біздің іс-әрекетімізді өзгертеді. Бұл жерде біз бірқилы емеспіз. Қандай да бір дағдарыс болса, адамдар ұзақ мерзімді тауарды сатып алуды кейінге қалдырады. Олардың табысының көп бөлігі күнделікті қажеттілікке кетеді: үй, азық-түлік, киім. Табыстарының бір бөлігін сақтап қоюға тырысады. Ертең бұдан да қиын кезең болып қалуы мүмкін.
- Күнделікті қажеттілікке жатпайтын тауарларға сұраныстың азайғанын көреміз. Соус, үйге қажетті заттар, тоқыма өндірісі. Бұл заттық тауар шығынының өсуімен байланысты, - дейді «Арзан» дүкенінің коммерциялық директоры Талғат Умирбаев.
- Алайда күнделікті қажет заттар мен экономсегменттің тауары артып келеді. Негізінде, азық-түлікке сұраныстың артқаны байқалады: ұн, қант, жармалар, өсімдік майы. Бұл үрдіс 2016 жылы да сақталады деп ойлаймыз.
- Сауданың төмендегенінің басым бөлігі сандық техникаларда байқалады. Планшет, фотоаппарат, ноутбук, - деп атап көрсетеді GfK Kazakhstan маркетингтік компанияның маманы Игорь Ким. Сонымен қатар, үй кинотеатры, музыкалық техника және видео. Келесі жылы да сауда нарығы төмендей береді деп күтілуде.
2016 жылға деген болжам мынандай. Қазақстандықтардың шығынының көп бөлігі азық-түлікке жұмсалады. Импортқа деген сұраныс қымбат тауардың сұранысы сияқты төмендей береді. Оның орнына арзан, орнын алмастырушы заттар пайда болады. Брендтік, люкстік тауарлар нарығы шегрен былғары сияқты қысқара түседі. Оған қоса, қымбат брендті киімдердің көпшілігі Қазақстан нарығынан кетеді.
Дүкендер үшін тұтынушылардың көңілін аударатын ең басты тауар, нан, сүт өнімдері мен жұмыртқа. Олардың бағасын қымбаттатпай ұстап тұруға мәжбүр болады. Сол үшін дүкенге қосымша тауарларды, азық-түлік, тұрмыстық заттарды алатын тұтынушылар келуі мүмкін. Ірі сауда үйлері өз брендтерімен өздеріне тән өнімдерді өндірсе болады. Неғұрлым арзанырақ, жақын арада сауданың шыңында болатын өнімдер.
2007 жылғы дағдарыс ресейліктерге қалай әсер етті? 2016 жылы не күтеміз?
2007-2008 жж. Ресейдегі дағдарыс сатып алушылардың дағдыларының қалай өзгеретінін көрсетті. Ол кездегі дағдарыс біздің мемлекетімізге аса білінбеген еді. Сондықтан да көрші мемлекеттен мысал келтіру үлгі болады.
Күнделікті тауарлардың қатарында жүрген шоколад жеңсік асқа айналды. Апта сайын сауда жасау кезінде әйелдер, орта таптың өкілдері, шоколадты туфли немесе кофтаның орнына ала бастады.
Отбасы шығыны сияқты, ішімдікті тұтыну саны да қысқарған жоқ. Бірақ қымбат ішімдікке сұраныс бірден төмендеп кетті. Дәстүрлі ішімдікке сұраныс көбейді.
Сонымен қатар, коньякқа да сұраныс артты. Шамамен 40 пайызға. Аса қымбат емес, отандық коньяктарға.
Тұтынушылардың үштен-бір бөлігі сауданы базарда немесе арзан дүкендерде жасауға көшті. Оған дейін базарда ресейліктердің бар-жоғы 20 пайызы ғана сауда жасаған.
Көбінесе дайын тағамдар мен кулинарияны тұтынушылар саны қысқарды. Олардан біржола бас тартқан ресейліктердің саны 10 пайызға жетті, ал 25 пайызы дайын тағамдарды сирек немесе аз тұтына бастады. Сонымен қатар, ет өнімдері, жеңсік ас, кондитерлік өнімдердің сатылымы төмендеді.
Ресейліктер көп уақытын үйде өткізе бастады. Негізінде, орта тап өкілдері. Сонымен қоса, үйге қажетті заттарға көп қаржы жұмсай бастады.
Ұялы телефондарды алатындар азайды. 2009 жылы ұялы телефон сатылымы 25 пайызға төмендеген, 36-дан 27 миллион данаға дейін. Несиеге телефон алушылардың саны 2.5 есе қысқарды. Дағдарысқа дейін жаңа телефон алу мәртебе болса, дағдарыс кезінде – ескі телефонды жоғалтып алғанда, немесе сынып қалғанда ғана алатын болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін