Дағыстанда содырларды құрықтау операциясы кезінде оққа ұшқан азамат-Қазақстан тумасы екені расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дағыстанда содырларды құрықтау операциясы кезінде оққа ұшқан азамат-Қазақстан тумасы екені расталды

Дағыстанда содырларды құрықтау операциясы кезінде оққа ұшқан азамат-Қазақстан тумасы екені расталды

Дағыстанда содырларды құрықтау операциясы кезінде оққа ұшқан Вадим Кадымов Ақтау қаласының тумасы екені расталды. Тек төлқұжатының жоғалуына байланысты жарты жыл бұрын өз күшін жойыпты. Сондықтан еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Кадымовтың Қазақстан азаматы болмауы мүмкін екенін де айтып отыр. Дегенмен тексеру әлі жүріп жатыр деп сендірді.

  • 14 Қараша 2012
  • 415
Фото - Caravan.kz


Бұл осыдан бір апта бұрын Дағыстанның Хасаврют қаласындағы атыс. Содырлар өз еркімен берілуге көнбегендіктен арнайы жасақ қару қолдануға мәжбүр болыпты. Екі лаңкес пен солармен бірге болған әйелдің бірден көзі жойылған. Өлтірілгендердің бірі Хамза деген лақап атымен танымал  отандасымыз Вадим Кадымов. 26 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны осыдан екі жыл бұрын Ресей шекарасынан өткені анықталып отыр. Содан Дағыстанда қалып қойып лаңкестердің жағына өтіпті. Қазір Хамзаға қатысты мәліметтерді Ресейдің құзырлы орындары анықтауда.

Соңғы жаңалықтар