Жарияланды: 280

Дағыстанда содырларды құрықтау операциясы кезінде тағы бір Қазақстан азаматы өлтірілді

Дағыстанда содырларды құрықтау операциясы кезінде тағы бір Қазақстан азаматы өлтірілді. Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жолы оққа ұшқан Хамза деген лақап атымен танымал отандасымыз Вадим Кадымов көрінеді. Ол лаңкестік топ мүшелерімен бірігіп, бүгін күш құрылымдарымен бірнеше сағат бойы атысқан.

Өз еркімен берілуге көнбегендіктен арнайы жасақ содырлар жасырынған пәтерге басып кірген. Сол жерде үш лаңкесті бірден атып өлтіріпті. Оның бірі Қазақстан азаматы Вадим Кадымов. Арнайы операция кезінде лаңкестердің бірінің әйелі де өлтірілген. Сол сәтте пәтерде оққа ұшқан келіншектің екі мен бес жастағы кішкентай балалары болыпты. Балғындардың өлі-тірісі белгісіз. Дағыстанның терроризмге қарсы ұлттық комитеті әзірше үш содырдың көзі жойылғанын ресми түрде растап отыр.

Ал Қазақстан азаматына қатысты деректің шынайылығын тексеруге еліміздің Сыртқы Істер министрлігі шұғыл кірісіп кетті. Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары Солтүстік Кавказда лаңкестер жағында жүріп көзі жойылған отандасымыздың бұл алғашқысы емес.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін