"Дағыстандағыдай төңкеріске шақырып отыр ма": Заңгер "Израиль тауарларына" бойкот жариялаған блогерді жауапқа тартуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дағыстандағыдай төңкеріске шақырып отыр ма": Заңгер "Израиль тауарларына" бойкот жариялаған блогерді жауапқа тартуды талап етті

"Дағыстандағыдай төңкеріске шақырып отыр ма": Заңгер "Израиль тауарларына" бойкот жариялаған блогерді жауапқа тартуды талап етті

Заңгер Айгүл Орынбек "Израиль тауарларына" байкот жариялаған блогерді жауапқа тартуды талап етті.

  • 7 Қараша 2023
  • 206
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мына жігіттің іс әрекеті мен сөздерін саралайтын болсақ, Қылмыстық кодекстің 174 бабына сай іс ашу керек!

Елдің алдында жүрген соң, өзінің эмоциясын ұстап үйренсін.

Халықты неге шақырып отыр?

Дағыстандағыдай төңкеріске ме?

Бұл жігітті көретін жастар, дүкендерге шабуылдап кока-кола сөрелерін қиратып, сойқандағанын күтіп отырсыңдар ма?

Палестина үшін бәріміздің жүрегіміз ауырып отыр, бірақ халықты құқықбұзушылыққа, тәртіпсіздікке шақырып керегі жоқ!

Ал құзырлы органдарда жұмыс істейтіндерге айтарым милары уланғандар мен жұмыс істеңдер!

Бізге осылар қауіптірек!", — деп жазды Айгүл Орынбек.

Әлеуметтік желіде блогер Coca-Cola өніміне байкот жариялап, бұл Палестинадағы мұсылмандарды қолдау деп видео жариялаған болатын.