Бұл туралы Daily Мail хабарлайды.
Қазіргі таңда террористер Косоваға орнығып, мемлекеттік мекемелер мен серб проваслав шіркеулеріне шабуыл жасауға дайындалып жатқан болуы мүмкін. Сондай-ақ, содырлар Албаниядағы футбол матчы кезінде изриалдік футбол командасына да шабуыл жасауы мүмкін.
Қазіргі таңда солар болуы мүмкін деп болжанған терроршылардың ішінен 19 содыр ұсталған.
Әбу Абдулла әл-Косова атымен белгілі Мухаджери Сирияға 2012 жылы келген. Ол ДАИШ қатарындағы косовалық албаниялықтардың көшбасшысы саналады. Оны АҚШ-тың мемлекеттік департаменті 2014 жылы әлемдік террористер қатарына қосқан.