"Дакар" раллиінде жүк көліктері арасында астаналықтар жалпы есепте көш бастап келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дакар" раллиінде жүк көліктері арасында астаналықтар жалпы есепте көш бастап келе жатыр

"Дакар" раллиінде жүк көліктері арасында астаналықтар жалпы есепте көш бастап келе жатыр

Автоспорттан Аргентинада өтіп жатқан әйгілі "Дакар" раллиінің кеше Сан-Рафаэль мен Сан-Хуан қалалары аралығындағы 3-кезеңді

  • 4 Қаңтар 2012
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Астана» жүк көліктері арасында КАМАЗ-бен 2-боп аяқтады. Соның нәтижесінде 1-кезеңді бесінші, екінші кезеңді алтыншы боп аяқтаған олар алғашқы 3 кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте 6:47.33 уақыт көрсеткішімен бірінші орынға шықты. Оларды ИВЕКА мінген Нидерландия-Белгия, Нидерландия-Италия және Нидерланидия экипаждары өкшелеп келе жатыр. Көшбасшыдан олардың біріншісі — 0.28 секунд, екіншісі — 1,51 минут, үшіншісі 1, 57 минут артта келеді.

Биыл 34-рет ұйымдастырылып отырған бұл дүбірлі дода 14 кезеңнен тұрады. Аргентина мен Чили елдерінің аумағында өтетін бұл жарыстың жалауы 1 қаңтарда көтерілген болатын. Жеңімпаздың есімі 15 қаңтарда белгілі болады. 88 мотоциклист, 32 квадроциклист және 173 жол талғамайтын автомобиль мен 76 жүк көліктері экипаждары арасындағы бұл сайыстың 4-кезеңі бүгін Сан-Хуана мен Чилесито қалалары аралығында өтеді. Онда жол талғамайтын автомобильдер арасында «Қазақстан» экипажы жалпы есепте 124-орында келе жатыр. Олар көш басындағы Польша және Белгия спортшылары Кшиштоф Головчик мен Жан-Марк Фортеннен 10.11.16 уақыт айырмашылығымен артта қалып қойды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера