«КАМАЗ» жүк көлігінде бұл тартысқа түсіп отырған қазақстандық «Астана» командасы жоғары көрсеткішімен алдыңғы қатарда келе жатыр. Төртінші тұғырдан жарысқа кіріскен қазақстандық команда бұл доданың соңына қарай бірқатар қарсыластарынан басып озды.
Жалпы есепте бірінші орында Жерар де Рой («Ивеко» көлігімен), екінші орында Ханс Стейси («Ивеко» көлігімен), сондай-ақ үшінші орында қазақстандық команданың капитаны Артур Ардавичус («КАМАЗ» көлігімен) тұр. Қазақстан командасы екінші орында тұрған Ханс Стейсиден 5 минут қалыс келе жатыр.
Айта кетейік, «Дакар-2012» автожарысы барлығы 14 кезеңнен тұрады.