Д.Ахметов еліміздің теміржол саласында бәсекелестікке қажетті алғышарттар жасалған деп пайымдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Ахметов еліміздің теміржол саласында бәсекелестікке қажетті алғышарттар жасалған деп пайымдайды

Д.Ахметов еліміздің теміржол саласында бәсекелестікке қажетті алғышарттар жасалған деп пайымдайды

Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте темір жол саласын қайта құру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаның орындалуына байланысты мәселе талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Мамыр 2004
  • 654
Фото - Caravan.kz

Көлік және комуникация министрлігінің өкілдері Үкімет басшысын жұмыстар барысы мен нормативтік құқықтық және ведомстволық құжаттарды әзірлеу жайынан хабардар етті. Атап айтқанда, қазір парламент мәжілісінің комитеттерінде жұмыс бабымен талқыланып жатқан «Темір жол көлігі мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы сөз болды.

«Темір жол саласын қайта құру, телекоммуникация саласын легализациялау және электр энергиясының бөлшек рыногін құру» — табиғи монополиялар саласындағы күрделі өзгерістердің бір дәлелі болып қана қоймай, индустриялық инновациялық саясатпен бірге ел экономикасындағы нақты құрылымдық жаңаруларының бір кезеңі болып табылады,- деді Даниал Ахметов.
Бүгінде «Желдорреммаш» АҚ, «Ремлокоматив» АҚ және «Ремвагон» АҚ филиалдарының базасында 47 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылып, локомотив және вагон жөндеу кәсіпорындары олардың иелігіне берілді. «Желдорводотеплоснабжение» АҚ «Теміржолсу»АҚ және «Теміржолжылу» АҚ түрінде қайта құрылып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының базасында 6 жаңа акционерлік қоғам құрылып, тиісті мүлкі иеліктеріне берілді.
Кеңес барысында қазіргі уақытта магистралды темір жол желісін пайдалануға, сондай-ақ, локомативтік және жүк тасымалы қызметін пайдаланғаны үшін төленетін ақты мөлшерін анықтаудың тиімді әдістемесін жасау бағытында ауқымды жұмыстар тындырылғаны атап өтілді. Осыған байланысты премьер-министр жаңа «тарифтік құжатты» қысқа мерзімде әзірлеу және оны үкімет қарауына ұсыну үшін арнаулы жұмыс тобын құруды тапсырды.
Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараты бойынша жаңа тарифтік жүйеге көшу 2005 жылдың 1 қаңтарына жсопарланып отыр.
Даниал Ахметов кеңесті қорытындылай келе, Қазақстанда «темір жол саласында бәсекелі орта қалыптастыруға қажетті барлық алғышарттар жасалғанын» атап өтті.

Соңғы жаңалықтар