Д.Ахметов пен В.Христенко мұнайгаз және электр қуатын өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Ахметов пен В.Христенко мұнайгаз және электр қуатын өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Д.Ахметов пен В.Христенко мұнайгаз және электр қуатын өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін, 4-ақпанда республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенконы қабылдады. Кездесуде мұнайгаз кен орындарын игеру және оған әзірлік, сондай-ақ электр энергетика саласына қатысты кейбір мәселелер талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Ақпан 2005
  • 329
Фото - Caravan.kz

Пікір алмасулар барысында тараптар талқыланған барлық тақырыптар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Үкімет басшысы министрліктер мен ведомстволарға, сондай-ақ ұлттық компаниялар басшыларына «Құрманғазы», «Хвалынское», «Центральное» мұнайгаз кен орындарын бірлесіп игеру жөніндегі қызметтің әр түрлі құқықтық аспектілерін реттеуге байланысты келісімдерді жеделдету» мақсатын көздейтін тапсырма берді.
Каспий теңізіндегі ресурстарды игеру саласындағы екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың құқықтық негіздері мен принциптерін анықтайтын құжаттарға Ресей және Қазақстан президенттері 2002 жылғы мамырда қол қойған. Соған сәйкес, «Құрманғазы», «Хвалынское», «Центральное» кен орындарын Ресей мен Қазақстан тең бөліп игеретін болады.

Перейти к новостям спорта