“Дәл осы жазбасы үшін елден қууға қазақтың толық қақысы бар”: Сәуле Әбілдаханқызы Мағауин туралы жазба қалдырған Мұхамеджан Тазабекті қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Дәл осы жазбасы үшін елден қууға қазақтың толық қақысы бар”: Сәуле Әбілдаханқызы Мағауин туралы жазба қалдырған Мұхамеджан Тазабекті қатаң сынға алды

“Дәл осы жазбасы үшін елден қууға қазақтың толық қақысы бар”: Сәуле Әбілдаханқызы Мағауин туралы жазба қалдырған Мұхамеджан Тазабекті қатаң сынға алды

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Мағауин туралы жазба қалдырған Мұхамеджан Тазабекті қатаң сынға алды.

  • 15 Қаңтар
  • 369
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Өз ой-пікірін, көзқарасын Мағауинге таңатындай, ОНЫҢ атынан сөйлейтіндей тазабек кім??? Тазабек емес, ласбек екенсің… МҰХАММЕДжан емес, мүнәфиқ екенсің…. мұсылманның сөзі, мұсылманның ісі мұндай болмаса керек…

Мағауин ұлтын сүйгендіктен Мағауин болды! Оның қазаққа деген махаббаты сенің, менің, бәріміздің махаббатымыздың жиынтығынан жүз есе артық!..

«Мағауин қазақтан жиіркенді» деп данышпансып отыр…)

Мағауин жиіркенсе, сақалы салақтаған, дамбалы далақтаған, Құдай атын жамылып қазақты адастырған, елді алатайдай бүлдірген, бөлген, іріткі салған, сатқан, Алла атын жамылып арна ашып, қазақтың миын улап, жүрегін аулап, тұнығын лайлаған, қазынаны тонап, шетел қашқан ласбектерден жиіркенген болар…

Өзінің әр сөзіне келесі сөзі қарсы шығатын бұ айтқышбектің қазаққа да, халыққа да, билікке де өкпелейтін не жөні бар десейші?!.. Бала кезінен кино десе — киноға түсті, халқы қол соқты, айтыс десе — айтыста өрледі, халқы қол соқты, арна ашам деді — ашты, билік еркіндікті берді, ақ дегені алғыс болды, қара дегені қарғыс болды, асыл арнасы халыққа у ағызатын, бұл үшін алтын ағызатын арна болды, — миллиардтап қалтасын қампайтты… бұның билігі бұ ғасқаны төбесіне көтеріп, әр мекемеде лекция оқытты… полисайға митингіге шыққан шал-кемпірді құйрықтан теп деді, шал-кемпір кешірді, сақалын жұлып алмады… қанша жұрт сөзіне елітті, қаншама қазақ соңынан ерді, қанша қазақ баласы бұл үшін сирия асып, жер жастанды…

Көзін ашып, есін жиып, етегін жапқалы қалқып ішіп, шайқап төгіп, қазақтың тек майлы күлшесін жеген неблагодарный енді келіп өзін асыраған қазақтан жиіркенеді-мыс…. фуууу… жиіркеніштіні іздесе — айнаға қарасын… қазақтан жиіркенсе, арабия ассын, сирия кетсін…. қазақтан жиіркеніп, өзін «ұлы» санағандай, «ұлыларда шекара болмайды» деп отыр екен, онда шекара асып, ауған ауып кетсін…. неблагородный…

«Ұлы адам жақсы болса да, жаман болса да, залым болса да, жауыз болса да — ұлы» дей ме? Ха-ха-ха…. Залым, жауыз, жаман адамды қазақ қашаннан бері «ұлы» дейтін болған??? Бәлкім бұлар сондай залымдарды, жауыздарды «ұлы» деп үйренген шығар?..

Әр сөзіне жауап беріп, жауап бергізуге де болар еді…. қойшы дейсің да…..

Есі дұрыс адам ойланып сөйлер еді….. ОНЫҢ өлімінен де «очко» жинағысы келіпті, бейбақ…)( көтермелеген болып, жерге ұрып отырған екіжүзді жазбасына жүрегің айниды… Бұның көтермелегеніне ОЛ зәру емес… Өздерін ОНЫМЕН параллель қойғысы келеді… сендерге ОНДАЙ болу қайдааа???!!!..(( үндемей-ақ қояйын десем, алдымнан шыға берді…

Бөлісіңіздер, оқысын… Мұсылман екені рас болса, санасы болса, қазақтан да, әруақтан да кешірім сұрар… сұрамаса, тағы өзі білсін… Мағауин кім, бұл кім?.. О дүниесінде Мағауин әруағымен, рухымен өзі есептесер… «Әруақ деген — Құдай емес, Құдайдан былай емес» дейді ҚАЗАҚ… Құдайға да өзі жауап берер…

(Бұған дейінгі қазаққа, мемлекетке жасаған жаулығын, қастандығын айтпағанның өзінде, дәл сол жазбасы үшін елден қууға, елден кеткені рас болса, онда қайта кіргізбеуге қазақтың толық қақысы бар… халық заңгерлермен бірігіп дұрыс жұмыстанса, әрине” — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.