«Дала дауысы» ІІІ халықаралық радиофестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дала дауысы» ІІІ халықаралық радиофестивалі басталды

«Дала дауысы» ІІІ халықаралық радиофестивалі басталды

15 тамызда Қазақ радиосының эфирінде әр жылдардағы қазақ әнінің "Дала дауысы" ІІІ Халықаралық радиофестивалі бастау алады. Ол туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Тамыз 2014
  • 542
Фото - Caravan.kz

«Дала дауысы»  —  музыка  арқылы қазақ тілін дүниежүзі елдері арасында насихаттайтын Қазақстандағы бірінші радиофестиваль. Фестивалға қатысушы шет елдік үміткерге қазақ әнін орындау немесе өз халқының әнін қазақ тілінде орындау талабы қойылған. Ондағы мақсат — қазақ  әнін шет елдіктерге орындату арқылы ұлттық  музыкалық  және поэтикалық тілді насихаттау, сіңіру.

Бұл жылы эфирдегі апталық күнделікті фестивальдің  директоры Махат Садық ашып, жоба продюсері  Айнұр Абайқызы жүргізеді. 2012 жылдан бастау алған радиофестивальдің негізгі мақсаты — қазақ әнінің замануи бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттау, жылдың үздік әндерін анықтау және жаңа таланттарды табу болып табылады.

«Дала дауысы» — тек  қана радиофестиваль емес, беделді музыкалық шеру. Қазақ радиосының миллиондаған тыңдармандары интернет арқылы kazradio.kz/kz/programs/dala-dauysy сүйікті әндеріне дауыс беріп,  жеңімпаздарды анықтайды. 2012 жылғы бірінші "Дала дауысына" екі мыңдай адам сайт арқылы дауыс берсе, 2013 жылы 54 мемлекеттен миллионға жуық тыңдарман дауыс берген. Өткен 2 жылда халықаралық "Дала дауысы" радиофестиваліне Қазақстан, Түркия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстаннан 200-ден астам әнші қатысып, лаурет атанды.

Биылғы "Дала дауысына" қатысуға ниет білдірген орындаушылардың қатарында: Ресей, Армения, Германия, Украина, Корея, Қырғызстан мемлекеттерімен қатар, отандық жұлдыздардан: Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов және "Формат" тобы, "Меломен", "Ринго", "Заман", "Нұр-Мұқасан", "Тарту", Құрмаш Маханов, Шахиризат Сейдахмет сынды үміткерлер және сіз естімеген жаңа дауыстар бар. Жоба ұйымдастырушыларының жоспары бойынша, қатысуға ниет білдірген  100 орындаушыдан 20 әнші "Дала дауысы" ІІІ Халықаралық радиофестивалінің лауреаты атанбақ. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау кеші  28 қараша күні "Қазмедиа орталық кино-концерт залында" өткізіледі.

Радиофестиваль жеңімпаздары «Дәстүрлі орындаушы», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық орындаушы» аталымдары бойынша марапатталып, фестивальдің «Жаңа есімдері» анықталып, оларға «Дала дауысының» арнайы статуэткасы мен арнайы дипломын еліміздің өнер және мәдениет, қоғам қайраткерлері табыстайды.


15 тамыздан бастап, бұдан кейін әр бейсенбі сайын сағат 19.00-де «Қазақ радиосының» эфирінде жүргізілетін "Дала дауысы күнделігінде" апталық қорытындылар көрсеткіші жарияланып, тыңдаушы талғамы арқылы алғашқы бестіктен көрінген бес шығарма финалға өтеді. Эфирде ән және әншіге музыкатанушылық бағыттағы сарапшылық баға беріліп, пікірлер білдіріледі.

Қазақ радиосы, «Дала дауысы» Халықаралық радиофестивалінің ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: +7 (7172) 553253, email: daladauysy@mail.ru,wwwkazradio.kz.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan

Перейти к новостям спорта