Дамаскіде Құрбан айт кезінде лаңкестік орын алды
Дамаскіде мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі - Құрбан айт кезінде ірі лаңкестік актісі орын алды. Жарылғыш заттар тиелген көлік жарылды, деп хабарлады Associated Press. |
Лаңкестіктің салдарынан кем дегенде 5 адам көз жұмып, 30-дан астамы жарақаттанды. Дамаскінің тұрғыны хабарлағандай, жарылыс полиция қызметкерлері үшін салынған тұрғын-үйдің маңында болған.
Жуырда Сирияның билігі мен оппозициясы Құрбан айт кезінде 4 күндік бітімге келіскен болатын. Сондықтан да адамдар еш үрейсіз далаға шыққан еді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, лаңкестікті "Джабхат ан-Нусра" экстремистік тобы ұйымдастырған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін