Дамаскіде Құрбан айт кезінде лаңкестік орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дамаскіде Құрбан айт кезінде лаңкестік орын алды

Дамаскіде Құрбан айт кезінде лаңкестік орын алды

Дамаскіде мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі - Құрбан айт кезінде ірі лаңкестік актісі орын алды. Жарылғыш заттар тиелген көлік жарылды, деп хабарлады Associated Press.

  • 27 Қазан 2012
  • 364
Фото - Caravan.kz

Лаңкестіктің салдарынан кем дегенде 5 адам көз жұмып, 30-дан астамы жарақаттанды. Дамаскінің тұрғыны хабарлағандай, жарылыс полиция қызметкерлері үшін салынған тұрғын-үйдің маңында болған.

Жуырда Сирияның билігі мен оппозициясы Құрбан айт кезінде 4 күндік бітімге келіскен болатын. Сондықтан да адамдар еш үрейсіз далаға шыққан еді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, лаңкестікті «Джабхат ан-Нусра» экстремистік тобы ұйымдастырған.