Лаңкестіктің салдарынан кем дегенде 5 адам көз жұмып, 30-дан астамы жарақаттанды. Дамаскінің тұрғыны хабарлағандай, жарылыс полиция қызметкерлері үшін салынған тұрғын-үйдің маңында болған.
Жуырда Сирияның билігі мен оппозициясы Құрбан айт кезінде 4 күндік бітімге келіскен болатын. Сондықтан да адамдар еш үрейсіз далаға шыққан еді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, лаңкестікті "Джабхат ан-Нусра" экстремистік тобы ұйымдастырған.