Дамир Ысмағұлов UFC-дегі бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дамир Ысмағұлов UFC-дегі бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Дамир Ысмағұлов UFC-дегі бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

 

  • 19 Маусым 2022
  • 29
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық файтер Дамир Ысмағұлов (23-1) UFC-дегі бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.

АҚШ-тың Остин қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирінде Ысмағұлов грузин спортшысы Гурам Кутателадземен (12-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундтан тұрды. Соның нәтижесінде қазақстандық файтер төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Осылайша, Дамир Ысмағұлов аралас жекпе-жек бойынша кәсіби мансабында 24-ші рет жеңіске жетті. UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет ұтылмады. Ал Гурам Кутателадзе үшінші мәрте жеңіліп отыр.

Бұған дейін Ысмағұлов австралиялық Алекс Горджесті (7-1), испаниялық Хоэль Альваресті (19-3), бразилиялық Тьяго Мойзесті (15-6) және оның жерлесі Рафаэль Алвесті (20-10) төрешілер шешімімен жеңген болатын.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера