Дәмханадағы төбелес кезінде ер адамды атып өлтірген павлодарлық 13 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәмханадағы төбелес кезінде ер адамды атып өлтірген павлодарлық 13 жылға сотталды

Дәмханадағы төбелес кезінде ер адамды атып өлтірген павлодарлық 13 жылға сотталды

Өткен жылы Павлодар қаласындағы «Бургер Макс» дәмханасында кісі өлтірген жергілікті тұрғын 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 8 Шiлде 2011
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Азамат ҚР ҚК 96 б. «е» т. (көптеген адамдардың өмірі үшін қауіпті әдіспен жасалған кісі өлтіру) бойынша сотталды. Ол жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтейді», – деп мәлім етті жұма күні №2 мамандандырылған қылмыстық сотының баспасөз хатшысы Ержан Қалкен.

Сондай-ақ, ол үкім әлі заңды күшіне енбегенін хабарлады.

Соттың ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың мамыр айында «Бургер Макс» дәмханасының екі қонағы дауласып, төбелесіп өалған. Олардың біреуі шығып кетіп, аңшының шолақ мылтығымен оралып, дауласып қалған адамының ішінен атып жіберген. Соңғысы ауыр жарақаттан ауруханаға жетпей көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар