Дәмханаға келушілерді соққыға жыққан павлодарлық полицей 10 жылға сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәмханаға келушілерді соққыға жыққан павлодарлық полицей 10 жылға сотталуы мүмкін

Дәмханаға келушілерді соққыға жыққан павлодарлық полицей 10 жылға сотталуы мүмкін

Павлодар қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшіс

  • 5 Қазан 2017
  • 245
Фото - Caravan.kz

Павлодар қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Бұл ретте әлеуметтік желіде таралған бейнероликтің қаһармандары туралы сөз қозғалуда. Еске сала кетейік, 2017 жылы 3-тамыз күні сағат шамамен 05.00-де Павлодар ЖППБ-нің қызметкері «102» қызметінің шақыртуымен төрт ер адамның төбелесу фактісі бойынша Исиналиев көшесінде орналасқан «Арай» СҮ-не келген. Алайда ол сол мекеменің келушілдері қарсылық танытып, полицейлердің біреуі күш қолданған. Роликтен тәртіп сақшылары қарсыластарының басынан аяқпен теуіп жатқаны көрінеді.




— Күдіктінің іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі, 1, 2-тармақшаларымен (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) сараланып, іс бойынша процессуалдық прокурор анықталған. Осы бап бойынша ЖППБ-нің қызметкерін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі таңда тәртіп сақшысы кепілдік арқылы босталыған, — деді баспасөз хатшысы Аида Сыздықова. Айта кетерлігі, сол жерде болған басқа полиция қызметкерлері жағымсыз себептер бойынша қызметтен босатылған. ІІД сауда үйінің жанындағы дәмхананы түнгі уақытта спирттік ішімдіктер сатуға лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жасаған

 

Соңғы жаңалықтар