«Даму» қоры шағын және орта бизнестің кредиттік ставкаларын субсидиялауды жүзеге асыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Даму» қоры шағын және орта бизнестің кредиттік ставкаларын субсидиялауды жүзеге асыруда

«Даму» қоры шағын және орта бизнестің кредиттік ставкаларын субсидиялауды жүзеге асыруда

 «Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында олардың кредиттік ставкаларын субсидиялауды жүзеге асыруда. 

  • 6 Тамыз 2015
  • 628
Фото - Caravan.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде отандық бизнесті дамыту мен қолдау тақырыбы бойынша өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғабит Лесбеков осылай мәлім етті.

Басқарушы директордың айтуынша, елімізде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Даму» қоры кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақыларын субсидиялауды жүзеге асырып келеді.  «Солтүстіктегі көршіміз Ресейдің экономикалық қиын жағдайына байланысты қазақстандық шағын және орта бизнес те біршама күрделі мәселелерді бастан кешіп отыр. Мәселен, кредиттік ставкалар жоғарылады. Осы тұрғыдан алғанда субсидиялау өзекті мәселеге айналды, өйткені бұрын кредиттік ставка он пайыздың шамасында болса, қазір бұл 16 пайызға дейін жетіп отыр», дейді Ғ. Лесбеков.

Бұл ретте моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін 750 млн.теңгеге дейінгі несие бойынша жылдығы 14 пайыздан аспайтын ставканың 10 пайызын мемлекет субсидиялайтын болады. Ал экономиканың басым секторындағы кәсіпкерлер үшін «Даму» қоры ставканың 7 пайызын, ал өңдеу өнеркәсібі бойынша 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік 14 пайыздық ставканың 10 пайызын субсидиялайды.

Айта кетерлігі,    бүгінгі күні 7 пайыздық ставка бойынша  жалпы сомасы 1 трлн 37 млрд теңгені құрайтын субсидиялауды шағын және орта бизнестің 5475 субъектісі пайдаланған.


«Егер бұл шараның эономикалық қайтарымы туралы айтатын болсақ, бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі шамамен 3,5 трлн теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, бюджетке қайтарым ретінде 297 млрд теңге түскен. Ал өткен жылы салықтық төлемдер ретіндегі түсімдер 46 млрд теңгені құрады», — деді Ғ. Лесбеков. 

Соңғы жаңалықтар