Дана Нұржігіт алғаш рет Владимир Рерихпен не үшін ажырасқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дана Нұржігіт алғаш рет Владимир Рерихпен не үшін ажырасқанын айтты

Дана Нұржігіт алғаш рет Владимир Рерихпен не үшін ажырасқанын айтты

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жеке өмірі мен шығармашылығы, әріптестері мен қазіргі өмірі туралы бұрын соңды айтпаған шындығымен бөлісті.

  • 2 Ақпан 2018
  • 1497
Фото - Caravan.kz

Ел сыйлайтын белгілі журналист алғаш рет бірінші күйеуі Владимир Рерихпен ажырасуының себебін түсіндірді.

Бұл туралы Қазақстан Үлттық арнасындағы «Бақытты әйел» бағдарламасында Дана Нұржігіт журналист Мақпал Қаратайға берген сұхбаты барысында айтты.

Журналист екінші мәрте тұрмысқа шығуды еш жоспарсыз жүзеге асып кеткен жағдай деп түсіндірді.

«Сезім деген қызық дүние. Мені өзің «жеті өлшеп, бір кесетін» адам деп танисың (Мақпал Қаратайға). Осы жолы бірден сезімге ерік бердім. Ойламаған жерден болған шешімге қазірге, еш өкінген жоқпын. Бақытты әйелмін деп айта аламын. Мұрат маған қамқор.

Өзім тыныштықты жақсы көретін адаммын. Шағын әрі ыстық ұямда екі ер азаматым мені тосып отырады. Сол ұямды, жұмағымды қызғыштай қорғағым келеді. Олар да мені көруге, менің қасымда жүруге асық, құмар болса екен деп тілеймін. Көп жағдайда өзім де түзде жүремін. Ер азаматымның алдында міндеттерімді дұрыс атқара да алмайтын сәттерім бар шығар.

Сондай кезде ол кісінің түсіністік танытқанына қуанамын. Себебі ол кісі көріп тұрса да көрмегенге алып, қалжыңға айналдырып, жағдайды ешқашан ушықтырмайды. Осындай түсіністік бар жерде, сыйластық бар жерде әрине бақыт болады»,-деді Дана Нұржігіт.

Дана Нұржігіт екінші күйеуін қалай таңдағанын да айтып берді.

«Екеуіміздің мінезімізде қайшылықтар бар. Мен бір шешім қабылдар алдында ұзақ ойланып кетемін. Мұраттың бойында тәуекелшілдік бар. Оның артықшылығы да осында. Өзім ұзақ ойланып, көптеген мүмкіндіктерді жіберіп аламын.

Мен сәл жастау кезімде тәуекелшіл едім. Жарысқа, бәсекеге дайын тұратынмын. Жасым келгендіктен болар, шалт қимылдауға қорқамын. Аңдамай сөйлеуден қорқамын. Бұл тәжірибемен келетін дүние. Осы неке бойынша соңғы шешім Әлімде болды. Ол Мұратты бір көргеннен әкелеп жүгіргенде менің тағдырым шешілді. Олар бірін-бірі өте жақсы көреді. Өткен жолы Мұрат менің шаршағанымды жүзімнен байқап «Демалып қайтсаң қайтеді?» деді.

Сол кезде өзім Сарыағашты таңдадым. Әрі миыма, әрі денсаулығыма көңіл бөлейін деп шештім. Екі апта баланың үстіне қыл жуытпай қарапты. Сабағына алып барып, тамағын беріп, киімін таза ұстаған Мен Мұраттан осындай көмек көрдім.


Алғаш рет осындай қамқорлық көрдім. Ер азаматтың бойындағы балажандылықты көріп, елжіреп кеттім. Себебі мен ондайды көрмегем. Шаруаның бір жағына шығып, болысып жіберу деген осы шығар. »,-дейді журналист.

Дана Нұржігіт осы тұста Әлімнің әкесі, Владимир Рерих жайлы да айтып өтті.

« Өмірдегі ең үлкен жеңісім, жетістігім-Әлім. Мен осы жолда денсаулығымды, жүйкемді, барымды салдым. Жанкештілікке бардым.

Бұдан былай ондай тәуекелге бара алмайтын да шығармын. Мен де адаммын. Тауым шағылып, сағым сынған кездерді, өмірден түңілген сәттерімді тек жақындарыма ғана көрсете аламын. Ел алдында оның барын жайып салуға ішкі мәдениетім жібермейді.

Ел алдында жүрген адам өзгенің алдында мысал бола отырып, басқаның өмірін ойыншыққа айналдырмауы керек. Жеке өмірім, жеке қайғым ол менікі. Жеке басыма қатысты өзгенің өміріне араласпауым керек. Мен әкемнен ерте айырылдым.

Ол кісі білімді, ағартушылық жолда еңбек еткен жан болды. Владимир Рерихпен соңғы рет екі апта бұрын сөйлестім. Ол жерде балаға қатысты мәселе бойынша сөйлестік. Ол кісіні ойшыл, ақылды адам ретінде жақсы қабылдаған болатынмын.

Бірақ, ерлі-зайыптылар ретінде екеуіміздің әңгімеміз аяқталған. Отбасында әйел бос орынға айналған кезде, кім екенін білмей дал болған кезде ерлі-зайыптылардың әңгімесі бітеді. Мен шындықты жақтайтын адаммын. Сол кезде ажырасу жайлы арызды өзім бердім»,-деді Дана Нұржігіт.