Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Желіегі парақшасында Дана ханым ұлына ризашылығын білдіріп, туған күнімен құттықтады:
"Әуелі АЛЛА,содан соң сені аман алып қалған дәрігерлерге мың мәрте алғыс айтамын!
Менің әлім, қуатым, жүрегім…Әлім-ұлым,туған күніңмен!
"Мен бұлттың үстінде отырғанда, Алла маған: "мынау ма сенің мамаң,мынау ма?" деп, көөөп мамаларды көрсетті, ал мен: жоқ, менің мамам Дана Нұржігіт деп, сені күттім, сені таңдадым!" деген сөзіңнен сенің! Ақылыңнан, жаным сол! Сезімтал жүрегіңнен!
Жұмыста жүрсем тлф соғып ең алдымен: "мама, мен саған кедергі жасап жатқан жоқпын ба? Бір сұрақ, мам…" деген ізет, әдебіңнен айналайын, жарығым! Ақылды тентегім, ақылды еркем менің! Алдыңнан тек жақсы адамдар шықсын, бар бол, ұлым!
Сен дегенде жүрегі тілім-тілім: Мамаң", деп жазды.
Оқырмандары да Әлімнің туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.