Жүргізушінің «Владимир Рерих мырзаны басыңызға қонған бақ деп бағалайсыз ба?» деген сауалына тележүргізуші тұщымды жауап айтты.
«Бір кездері солай болған, ол бір жағынан менің журналистикадағы ұстазым. Журналистикадағы алқашқы ұстазым. «Хабарда» жұмыс істеп жүргеніме 4 жылдай болды, сол кісі ғой енді. Бір жағынан мен қалай көңіл білдіремін ол кісіге? Ол кісі отбасылы, сонда сөздерінен, маған деген ниетінен ұқтым. Бірақ мен бірден айттым, мен көңілдес болуға жарамаймын. Мен ондай қарым-қатынаста ньюанс бар дегенді түсінбеймін. Ол мен үшін не ақ, не қара болу керек деп. Сонда ғана ол кісі басы босады, сосын барып біз қосылдық»,-деді ол.
Сонымен бірге ол онымен қалай ажырасқанын да алғаш рет айтып берді.
«Өйткені мен, ол өзгерді, уақыт өзгерді. Біздің ортамыз өзгерді деп те айтуға болады. Иә, өйткені ол кезде мен балалы болдым ғой. Ол балалы келіншекке ондайды айтуға дәті бармады, өйткені Әлім тіпті кішкентай болды ол кезде. Мен өз еркіңде дедім, мүсәпір болғым келмейді, өз күнімді өзім көре аламын дедім. Мен ешкімді қол жаюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан, мен өте намысты адаммын. Қалауың басқа адам болатын болса, бара ғой. Міне босаға, табалдырықты атта да, өміріңнің келесі кезеңіне өте бер»,-деді ол.