"Голос. Дети. Украина" шоуының жеңімпазы Данэлия Төлешованың бейнебаяны жарыққа шықты. Қуанышты жаңалығымен жас әнші инстаграмдағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sputnik.
"Қабыл алыңыздар! Менің көптен күткен бейнебаяным – Другие!", — деп жазды бүлдіршін.
Айта кетсек, қазақстандық Данэлия Төлешова "Голос.Дiти" шоуында жеңімпаз атанды. Финалда ол "Океан Эльзы" тобының "Не твоя вина" әнін орындады.
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы он жасар алматылық қызбен кездесіп, оған сыйлық табыстаған болатын. Кейінірек жас әнші Алматы әкімінің жаңажылдық шыршасында ән шырқады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек те Данэлияны жеңісімен құттықтап, оған сәттілік тіледі.