Данэлия Тулешова әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данэлия Тулешова әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады

Данэлия Тулешова әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады

Тап қазіргі уақытта Мәскеуде өтіп жатқан І Халықаралық кәсіби музыкалық BraVo сыйлығының концертінде Данэлия Тулешова  әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады.

  • 11 Наурыз 2018
  • 163
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды. 

«BraVo сыйлығының кішкентай жұлдызының есімін атайтын кез келді! Данэлия Тулешова өзінің жастығына қарамастан көп нәрсеге қол жеткізіп үлгерді. Ол «Аялаған Астана» конкурсының жеңімпазы атанды, «Жаңа толқынның» финалына шығып, көрермендер көзайымына айналды. Халықаралық «Надежды Европы» конкурсында «Гран-при» алды, жақында ғана Украинаның «Голос. Дiти» шоуының төртінші маусымының жеңімпазы болды. Жоба бойынша бұл шетелдік әншінің бірінші рет ұтуы еді.  Осындай жарқыраған талант және еңбекқорлық оны үлкен биіктерге жетелеуде. 10 наурызда  француз әншісі ZAZ-бен бірге Данэлия «Je veux» хитін шырқайды, ал біз оған «BraVo» дейміз, деп жазылды аталған сыйлықтың Instagram парақшасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Данэлия Тулешова  BraVo сыйлығының қызыл кілемшесімен жүріп өткен еді.


Оқи отырыңыз:

Украиналық «Голос» шоуына қатысқан алматылық қыз ең ғажайып дауыс иесі атанды

Данэлия Төлешованың көптен күткен бейнебаяны шықты

Жыл қорытындысы: Мәдениет саласындағы Қазақстанның 10 жетістігі

Соңғы жаңалықтар