Даниал Ахметов Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Мишель Жарроны қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-12 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Даниал Ахметов Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Мишель Жарроны қабылдады

Даниал Ахметов Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Мишель Жарроны қабылдады

Бүгін, 28-мамырда Премьер-Министр Даниал Ахметов климатты бақылаудың ғаламдық жүйесі жөніндегі аймақтық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Мишель Жарроны қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Мамыр 2004
  • 621
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар гидрометеорология саласындағы ынтымақтастыққа және Дүниежүзілік метеорологиялық ынтымақтастық ауқымында қоршаған ортаның ғаламдық мониторингіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара қарым-қатынастың даму қарқынына қанағаттанғандық білдірді.

Үкімет басшысы, ауа райын болжау ғана емес, табиғи апаттардың залал-зардабын азайтуға, тіпті, кей жағдайларда апаттардың алдын алуға мүмкіндік беретін гидрометеорологиялық қызметке Қазақстанның «басқаша көзқараспен қарайтын уақыты келгенін» атап айтты.
Астық экспорты көлемі жөнінен әлемде алтыншы орын алатын Қазақстан көп жағдайда табиғаттың кейбір тосын мінездеріне тәуелді және Үкімет басшысының айтуынша, жақын жылдары «қоршаған ортаны зерттеу деңгейін арттыру үшін көп нәрсе жасалады». Осыған байланысты, болашағынанм үміт күттірген қазақстандық ғарыштық жер серігінің мүмкіндігін пайдалану және жер бетін бақылау қызметін жақсарту жоспарланып отыр.
Даниал Ахметов Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысын «өз метеотамыры бар» Арал теңізі мен трансшекаралық өзендердің проблемалары жайынан хабардар етті. Сондай-ақ, ол Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысына қолдау көрсеткені үшін Мишель Жарро мырзаға алғыс білдірді.