«Біз Абай ауданындағы қасиетті жерлердің бірі Қоңыр Әулие үңгірінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатырмыз. Жерасты көліне мыңдаған мінәжат етушілер келеді. Келушілерге ыңғайлы да жайлы жағдай жасау мақсатында бұл аймақта абаттандыру жұмыстарын жүргізуге тиісті тапсырма бердім», – деді облыс басшысы.
Жақын болашақта Шығыс Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы болады. Даниал Ахметов бұның тек теориялық еңбек емес, тарихи жәдігерлеріміздің терең тамырына үңілу екенін атап өтті.
«Біз олардың сақталуы мен көбеюі жолында аянбай еңбек етуіміз керек», — деді аймақ басшысы.