Даниал Ахметовтің "Семипалатинск емес, Семей" деп ескерту жасағанына жұрт риза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Даниал Ахметовтің "Семипалатинск емес, Семей" деп ескерту жасағанына жұрт риза болды

Даниал Ахметовтің "Семипалатинск емес, Семей" деп ескерту жасағанына жұрт риза болды

Жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Семейге жұмыс сапарымен барған еді. Онда Даниал Ахметов бірқатар нысандарды аралап, түрлі жиындар өткізді.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 2227
Фото - Caravan.kz

Сол жиындардың бірінде оның аталған қаланың қазір Семипалатинск емес, Семей екенін ескертіп айтқанын көрсететін видео Фейсбукта жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Шағын бейнероликте Даниал Ахметов сөйлеп тұрған бір кісіден "Сіз қайда тұрасыз?" деп сұрайды. Сонда әлгі адам "Семипалатинскіде тұрамын" деп жауап береді. Ал облыс әікмі оған: "Сіз Семейде тұрасыз. Бұл — маңызды нәрсе. Сіз Семей қаласында тұрасыз. Семей қаласында тұратыныңызды ұмытпаңыз. Бұл маңызды" деп бірнеше рет қайталап айтқан.  


Не Семипалатинск, а Семей! (с) Даниал Ахметов

Не Семипалатинск, а Семей! (с) Даниал Ахметов

Posted by Казахстан on Wednesday, September 20, 2017