Дания Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төрағалық жасау ниетін қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дания Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төрағалық жасау ниетін қолдайды

Дания Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төрағалық жасау ниетін қолдайды

Дания Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төрағалық жасау ниетін қолдайды. Бұл туралы бүгін, 15-қарашада Данияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын Пер Карлсен республика парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Қараша 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Жылы достық ауанда өткен сұхбат барысында мәжіліс төрағасы О.Мұхамеджанов мейманды Данияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалуымен құттықтап, парламенттің еліміздегі саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету ісі жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

Елші Қазақстандағы президент сайлауына дайындық барысына қатысты ақпаратқа қызығушылық танытып, осында болған аз-кем уақыт ішінде экономикалық реформалардың табысына көз жеткізгенін айтты.
Ал мәжіліс төрағасы өз кезегінде Қазақстан мен Дания арасындағы қарым-қатынасты дамыту бағытындағы белсенділігі үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы байланыстың беки түсетініне сенім білдірді.
Дания Корольдігінің елшісі таяу уақыттарда Астанаға ауқымды бизнесмен өкілдермен бірге қайтадан оралуға уәде берді.

Перейти к новостям спорта