Данияр Ақышевтің басты үш қателігі
![]() |
Теңге бағамының төмендеуі тоқтатылды. Ақш доллары 308 теңге болып тұрақтады. Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасы Елбасымызға баяндады. Бірақ сіздер доллар бағамының тұрақтағанына сенесіздер ме? Біз – жоқ. |
Теңгеге қарап, қор рыногында ақш долларының бәрібір де 315-320 теңгеге жақын екенін көреміз. Бұның себебі, ДАНИЯР АҚЫШЕВТІҢ жіберген қателігінде болып тұр.
№ 1 қателік
Қызметке тағайындалған бойда, Ақышев Ұлттық банктің бұрынғы басшылығын сынға алды. Бұл әдепсіздік қана емес, сонымен қатар Ұлттық банктің дәрежесіне де нұқсан келтіреді. Егер жаңа тағайындалған басшылар бұрынғыларына мін таға беретін болса, онда Ұлттық банкімізді институт ретінде жойып жіберуге болады. Бүгінгі күн кешегіні жоққа шығармауы тиіс.
№ 2 қателік
Данияр Ақышев Ұлттық банктің бұрынғы басшылығын валюта нарығында басқыншылық жасады деп айыптады. Қазір өзі де дәл сондай бақыншылық жасап жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттыққа қарап байқаймыз.
№ 3 қателік
Жаңа басшылық теңгенің еркін бағамда болғанын қолдайтынын айтты, бірақ бұл режим сақталмайды. Теңгенің еркін бағамында құнды қағаздарды сату, сатып алу жайлы мәміле жасау (РЕПО) арқылы ақша бермеске болмайды. Бірақ бұл жол үнемі жабық. Оған қоса, РЕПО арқылы ақша әртүрлі төлем арқылы берілді. Ол ақша банктегі кассалық алшақтықты жабуға кетеді. Сол себепті де РЕПО төлемі – бүкіл банк жүйесінің жұмысындағы ең маңызды құрал. Бір банкке – 17 пайызбен, екіншісіне – 10 пайызбен, ал үшіншісіне – 12 пайызбен. Бұл қаржы нарығындағы ойын ережесін бұзушылыққа жатады. РЕПО төлемі бәріне ортақ болуы керек.
«КАРАВАН» Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры, Олжас Худайбергенов мырзадан нарықтағы жағдайға түсінік беруді өтінді.
- Қазір әр ойыншы теңге бағамын өзіне әртүрлі деңгейде анықтайды. Біреулер ақш доллары 315 теңгеге жету керек деп ойлайды. Кейбіреулер 5 рубль бір теңгеге шақ келсе, ал бір доллар 65-67 рубльді құраса, онда бұл, доллар 325-335 теңге дегенді білдіреді. Ал егер ол болжап отырғандай, құнсызданатын болса, мысалы, HSBC банкі жыл соңына дейін 1 доллар – 72 рубльге дейін көтерілсе, онда доллар бағамы 360 теңге болады, - деп санайды Худайбергенов.
- Ал енді біреулер мұнай бағасымен байланыстырады. Егер мұнай бағасы 40 доллардан төмен түссе, онда теңге одан да артық төмендейді. Біреулер АҚШ ұлттық банк төлемдерінің көтерілу ықтималдығын күтіп жүр. Ол кезде доллар бағамы әлем бойынша барлық валютада өседі.
Ең бастысы, бұл божамдардың бәрі уақытша ғана, бар болғаны 3-6 ай, ал ары қарай ешкім болжам жасай алмайды деп аналитик сенімді түрде айтады. Бірақ, негізінде, бағамды басқарып отыру үшін Ұлттық банкте бар мүмкіндік бар.
- Қазір бұл сәл ғана басқыншылықты үйлестіру жәнеде ақша каналы арқылы іске асырылады. Ұлттық банк ақшалай құю көлемін қысқартады, сол кезде банкаралық кредит мөлшері артады, ақша жетіспеушілігі туындайды. Сол сәтте банктер валютаны сата бастайды немесе сатып алу бағасын күрт төмендетеді. Валюта бағамын қысып, бір қалыпта тек 2-3 апта ғана ұстап тұруға болады, оның арты қаржы секторы үшін қиынға соғуы мүмкін, деп сенімді Олжас Худайбергенов.
- Сонымен қатар, мысалы, дамыған мемлекеттегідей ауызша мәдімдеме жасаса да болады. Бірақ бұл нарық реттеушіге сенген жағдайда ғана жүзеге асады. Қазір ондай жоқ, сенімді орнату үшін бірнеше шара қолдану керек, әсіресе, алдымыздағы 1-2 жыл аралығында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін