Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді

Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді

Британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) туралы бейнесюжет жариялады.

  • 3 Мамыр 2020
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Фильмде Елеусіновтің кәсіби мансабын бастаған кезі, одан кейінгі дамуы және жекпе-жектің сыртындағы сәттер көрсетілген.

Айта кетсек, Данияр коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-та карантин жарияланғандықтан Бойнтон-Бичте (Флорида штаты) қалып қойды. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырған 960 896 адам тіркелген (қайтыс болғандар — 54 265, жазылып шыққандар – 118 162).

Елеусіновтің кәсіби мансабына келер болсақ, ол келесі жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионы, намибиялық боксшы Джулиус Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы өткізуі керек.


Еске сала кетсек, Matchroom Boxing компаниясын тағы бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұмыс істейді. Бұл компанияны Эдди Хирн басқарады.

Соңғы жаңалықтар