Бірінші кезеңде үш ұпаймен басымдық танытқан Данияр екінші раундта қарқынын күшейтіп, есепті 12:5-ке жеткізді. Ал шешуші кезеңде де ирандық боксшыға еш мүмкіндік бермеген боксшымыз жарысты 19:10 есебімен аяқтап, жеңіске жетті.
Айта кетейік, ирандық Мехди Толоутибанди 1/32 финалда спандық былғары қолғап шебері Джонатан Алонсо Флетені 16:12 есебімен жеңсе, біздің спортшы американдық қарсыласын 19:9 есебімен ойсырата ұтып, еліне жүлдесіз қайтарған болатын.
Данияр Елеусінов 21 жастағы астаналық спортшы. Халықаралық санаттағы спорт шебері. Ол Қазақстан чемпионы (2010-2011 жылдары), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы). Данияр жолдаманы жақында елордада өткен Азиялық іріктеу турнирінде қанжығасына байлады.