"Дәрі беріп тауға күштеп әкетті" Шалмен төсектес болған түркістандық Асия шындықты енді ғана айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәрі беріп  тауға  күштеп әкетті" Шалмен төсектес болған түркістандық Асия шындықты енді ғана айтты

"Дәрі беріп тауға күштеп әкетті" Шалмен төсектес болған түркістандық Асия шындықты енді ғана айтты

25 жастағы түркістандық келін Асия 54 жастағы қайын атасымен 8 жыл бойы төсектес болып келген болатын. Алайда шындық мүлдем басқаша екен. 

  • 9 Ақпан 2021
  • 30280
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Естеріңізде болса, еліміздегі танымал ток-шоулардың бірінде түркістандық келін туған қайын атасымен төсектес болғанын есітіп, жұрт жағасын ұстаған болатын.

Эфирде қайын атасымен қазір бақытты екендігін айтқан Асия эфирден соң, өз шындығын жайып салды.

"Мен тұрмысқа шыққалы жәбір көріп келе жатқан қызбын. Мені қайын атам Үсен дәрі беріп, тауға алып кетіп күштеп ұстап отырды. Эфирде айтқан сөздерімнің бәрі жалған болатын, осылай айтасың деп мені қорқытты. Дәл қазір мені ешкім қорлап, қорқытып отырған жоқ, өз еркіммен айтып отырмын. Барша қазақ елінен шын жүректен кешірім сұраймын, және апам Бибісарадан кешірім сұраймын. Ол туралы жалған ақпарат айтуға мені мәжбүрледі. Құшақтасып жатқанымызды көрдім деп айтасың деді. Пышақ көрсетті, қорқытты. Тауда жүргенде баламды ұрды. Үсеннен мені құтқаруларыңызды өтініп сұраймын. 2013 жылдан бастап маған дәрі беріп келеді, бас қойдыртатын дәрі деп зорлап ішкізеді." — дейді Асия.


Жас келін Асияның айтуынша аталған дәріден кейін не істеп, не қойғанын білмей қалған. Дегеніне көніп, айдауында жүрген көрінеді. Дегенмен көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Кейбірі бұл шындыққа аса сене қоймады,енді бірі мұны інісі сыбырлап айтқызып тұр деген ойда қалды.

 

Соңғы жаңалықтар