Дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасауға 5 миллиард теңге бөлінді - Сағынтаев - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасауға 5 миллиард теңге бөлінді - Сағынтаев

Дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасауға 5 миллиард теңге бөлінді - Сағынтаев

 

  • 10 Шiлде 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін жұмыс кеңесі барысында фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

"Дәрілік препараттарға сұранысты қамтамасыз ету және жедел жағдай бойынша қажетті шараларды талқылау үшін фарминдустрия өкілдерімен кезекті кездесу өткіздім. Келіп түскен дәрі-дәрмектер дәріхана сөрелеріне бір тәуліктің ішінде жеткізіледі. Бүгін Ресейден препараттардың ірі партиясы келеді. Шамамен 55 тонна дәрілік заттар, соның ішінде COVID-19-ға қарсы – ыстықты түсіретін және антикоагулянттар бар. Шілде айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 4,2 млн қаптамасы жеткізіледі деп күтілуде", — деді Сағынтаев.

Келісілген меморандумға сәйкес қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға аса қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілуде. 1 шілдеден бастап дәріханалар әлеуметтік маңызы бар 581 мың дәрі-дәрмек қаптамасын алды. Қазіргі таңда 105 дәріхана мен жеткізушілердің қоймаларында 1,8 миллион қажетті дәрі-дәрмектер бар.

Сондай-ақ, әкім дәрілік препараттардың тұрақты қорын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы айтты.


"Келесі қадам – дәрілердің тұрақтандыру қорын құру. Дәрі-дәрмек жеткізушілерді 6-8 ай мерзімге пайызсыз несиелендіру үшін 5 млрд теңге бөлінді. Бұл – дәрі-дәрмектерді ағымдағы баға бойынша сатып алып, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты біртіндеп пайдалануға беру үшін жасалды", — деді қала әкімі.