Дәрігерлер 18 жасар қыздың асқазанынан 4 келі шаш алды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер 18 жасар қыздың асқазанынан 4 келі шаш алды

Дәрігерлер 18 жасар қыздың асқазанынан 4 келі шаш алды

Қырғызстанның тумасы 18 жасар Айпері Алексееваның қарнынан салмағы 4 келі болатын шаш шыққан. Қыз сирек кездесетін трихофагия психикалық ауруына шалдыққан, сол себепті ол шашын жеген.

  • 3 Қазан 2014
  • 667
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы GLUnews хабарлады.

Қыз жердегі шашты жинап немесе өз шашының ұштарын жеген. Ұзақ жылдар бойы ол бұл әрекетінің денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқанын сезбеген. Ал шын мәнісінде, ішке кеткен шаштар қорытылмай, түйіліп, оның көлемі ұлғая берген.

Іші қатты ауырып, ауруханаға түскен Айпері ас ішуден қалған. Науқас аштықтан қатты қиналған, егер дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпегенде, оның аман қалуы да екіталай еді.

Дәрігерлер шұғыл ота жасап, бойжеткеннің ішінен салмағы 4 келі болатын жиналған шаш кесегін алып шықты. Ол асқазанның ішкі жағынан жаралап, оның қабындырған.