Дәрігерлер 5-қабаттан құлаған қостанайлықтың өмірін сақтап қала алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер 5-қабаттан құлаған қостанайлықтың өмірін сақтап қала алмады

Дәрігерлер 5-қабаттан құлаған қостанайлықтың өмірін сақтап қала алмады

Қостанайда үйдің бесінші қабатынан құлаған тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қайғылы оқиға 26 қазан күні Қостанай

  • 27 Қазан 2017
  • 321
Фото - Caravan.kz

Қостанайда үйдің бесінші қабатынан құлаған тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 26 қазан күні Қостанай қаласында болды. Бұл деректі облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады. Мән-жай анықталуда. 41 жастағы ер адам 5-шағын аудандағы тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен. Ол Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді. Травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымовтың сөзінше, зардап шегуші емдеу орнына күндіз жеткізілген. «Оның жарақаты өте ауыр болды. Бас миына зақым келген, жабық бассүйек-ми жарақатын алған және көп қабырғалары сынған. Ол ауруханада көз жұмды», — деді Марал Әбілқасымов. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.