Caravan Logo

Дәрігерлер 9 жасар баланың кеудесінен есік тұтқасын ота жасап алып шықты

Дәрігерлер 9 жасар баланың кеудесінен есік тұтқасын ота жасап алып шықты

Тергеу ақпаратынша, бала мектепте сыныптастарымен ойнап жүргенде есіктің темір тұтқасына соғылған, ал оның бір бөлшегі баланың кеудесінде қалып қойған.

Бала ауруханаға жеткізіліп, рентген жасалған соң оның кеудесінде ұзындығы 10 см, ені 2 см болатын есік тұтқасының бір бөлігі қалып қойғаны анықталды.


Тұтқа жүрек пен өкпеге тимегендіктен, дәрігерлер баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды informing.ru.

Атап өтейік, қазір бала ота жасалғаннан кейінгі кезеңде емделіп жатыр. Оның жағдайын ақ халаттылар «қанағаттанарлық» деп бағалады.